Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский.Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Телефон арқылы әңгімелесуге Украина тарапы бастама болған. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты.

Қазақстан президенті БҰҰ-ның көмек көрсетуімен Украина астығын экспорттау жөніндегі Түркияда қол жеткізілген үшжақты келісімге оң баға берді.

Exit mobile version