Басты бет Жаңалықтар Елімізде коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар?

Елімізде коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар?

Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық ауруларды эпидемология бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова коронавирусқа қарсы қандай вакциналар қолжетімді екенін айтты.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Қазіргі уақытта республика бойынша вакциналау және ревакциналау жұмысы жалғасып жатыр. Қазақстанда вакцинаның үш түрі қолжетімді, олар – QazVac, Sinopharm және Pfizer. Ревакциналау үшін – QazVac және Sinopharm бар, — деді Роза Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, екпе егу пунктілерінде 1 миллион 600 мың вакцина дозасы бар.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен ересек тұрғындардың 80% астамы немесе барлық халықтың 56% астамы қамтылған. Республика бойынша коронавирус инфекциясына қарсы бастапқы ревакциналаумен қамту тиісті халықтың 68% астамын (4,9 миллион адам) құрады. Орта есеппен тәулігіне 10 мыңнан астам адам екпе салдырады, — деді Роза Қожапова.

Басқарма басшысы мамыр айының соңынан бастап елде ревакциналау енгізілгенін еске салды. Бүгінде тиісті халықтың 55% ревакцина жасатқан.

Exit mobile version