Басты бет Жаңалықтар Менен пара сұрады, дәлелім жоқ. Не істеймін?

Менен пара сұрады, дәлелім жоқ. Не істеймін?

SZH.kz сайтына түрлі сұрақтар келіп түседі. Солардың көпшілігі пара сұраушылармен соқтығысқандардан келген. Біреуден колледжге түсіру үшін, тағы бірінен жұмысқа тұрғызу үшін сұраған. Ондай жағдайда не істеу керек? Дәлеліңіз болмаса ше? Жауабы төменде.

Көрнекі сурет

Егер сізден біреу пара сұраса немесе жемқорлықтың куәсі босаңыз, 1424 нөміріне қоңырау шалып, хабарлау керек.  Анонимді түрде хабарлауға да болады. Ол жерде сіздің айтқандарыңыз жазылады да, ақпараттық кітапқа енгізіледі. Сол арқылы жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің сіздің аймақтағы бөлімшесіне хабарланады. Егер сізден пара сұрағаны жөнінде дәлелдеріңіз болса, департамент бірден жедел іздестіру қызметін жібереді.

Алайда, пара сұраған адам өте сақ болады. Сізден ақшаны айқайлап сұрамауы да мүмкін. Әдетте қажетті соманы телефон, калькулятор, планшет сынды электронды құрылғыларға жазып көрсетед. Күні мен уақытын да солай. Ал сізде оның айтып отырғандарын жазып алатын диктофон жоқ. Ондай жағдайда тағы да бірінші 1424 нөміріне хабарласып, жағдайыңызды түсіндіресіз. Сіздің айтқандарыңыз тіркелгеннен кейін жемқорлыққа қарсы қызмет сізге арнайы диктофон, камера және жалған ақша береді. Сіз сол арқылы пара сұраған адамның талаптарын орындайсыз. Егер бәрі дұрыс өтіп, диктофон мен камераға жазып алсаңыз, іс қозғалады.

Сұраған пара көлемі 2 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асқан жағдайда ғана іс қозғауға болады. Ал 1 АЕК болса, ол 2236 теңге, ешкімге шағымдана алмайсыз.

Бұл туралы жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығының (1424) қызметкері хабарлады.

Айта кетейік, қоңырау барлық абоненттер үшін тегін. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version