Басты бет Жаңалықтар Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Фото: Akorda.kz

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының қарулы күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Exit mobile version