Басты бет Жаңалықтар Министр: Коронавирусты жұқтыру тамыз айында өршиді

Министр: Коронавирусты жұқтыру тамыз айында өршиді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда алдағы бірнеше айға коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейінің жаңартылған санитарлық-эпидемиология болжамын таныстырды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Министр алдағы үш айға болжамды ай сайын жаңартып отыратынын түсіндірді.

Пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар күніне 4 000 пациентке дейін жетеді деп болжанды. Нақты сценарийде күніне 2,5 мың жағдайға дейін тіркеледі. Оптимистік сценарийде күніне 1 000 жағдайға дейін анықталады,- деді Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министр коронавирусты жұқтыру тамыз айында өршиді деп болжанғанын айтты.

Вирус тамыз айына дейін және тамыз айында артады. Ал қыркүйекте және тамыз айының соңында төмендейді,- деді Ажар Ғиният.

Exit mobile version