Басты бет Жаңалықтар Алматының «Антикор орталығында» азаматтарды қабылдау өтеді

Алматының «Антикор орталығында» азаматтарды қабылдау өтеді

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервис орталығында азаматтарды қабылдау өтеді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы департаменті

Құрметті Алматы тұрғындары! 2022 жылғы 14 шілдеде сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін «Адал көмек» жобасы шеңберінде Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервис орталығында азаматтарды қабылдау өтеді,- делінген хабарламада.

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Іс-шара барысында жалпы орта білім беру саласындағы кез келген мәселе бойынша (балаларды мектептерге анықтау, мұғалімдерді білім беру мекемелеріне жұмысқа орналастыру және т.б.) тегін заң көмегі көрсетілетін болады.

Құқықтық кеңес көрсететін: Алматы білім басқармасы басшысының м.у.а. Сайлаубай Айдын Сайлаубайұлы;

Мекен-жайы:» Аntikor ortalyǵy«,  Жібек жолы көшесі, 15 (қиылысы Барибаева);

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефондары: WhatsApp +7(707) 993 16 03.

Exit mobile version