Басты бетЖаңалықтарАқан Жұмағұлов...

Ақан Жұмағұлов Нұр-Сұлтан сотының төрағасы болды

Осыған дейін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Жұмағұлов президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі жарлығымен елорда сотының төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінде.

Әбдірашит Жүкенов елордалық соттың жаңа төрағасын судьялар корпусында өзін танытқан жоғары білікті маман ретінде сипаттады.

Жоғарғы сот алқасының төрағасы осы жарлықпен тағайындалған аудандық соттардың төрағалары мен елордалық қалалық соттың судьяларын да таныстырды.

Атап айтқанда, Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметіне Дәуренбек Даумов тағайындалды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан сотының судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнәр Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды.