Басты бет Жаңалықтар Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасы анықталып, жойылды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: ҰҚК

Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және ҚР басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған екі азамат ұсталды. Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымында Алматы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді, — делінген хабарламада.

Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.

Факт бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы бойынша департаменті соталды тергеу материалдарын ҚР қауіпсіздік комитетінің 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Exit mobile version