Басты бет Жаңалықтар Алматыда жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды

Алматыда жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды

Қазақстанда COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі.

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру;
  • вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
  • жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте маска кию;
  • 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылады.

Айта кетейік, әзірге бетпердені тағу ұсыныс қана.

Exit mobile version