Басты бет Жаңалықтар Алматының екі ауданында бір тәулік ыстық су болмайды

Алматының екі ауданында бір тәулік ыстық су болмайды

13 шілдеде Алматының Медеу және Жетісу аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі бір тәулікке ыстық судан ажыратылады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

13 шілде сағат таңғы 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды, – делінген хабарламада.

Шектеулер жылу желілерін жоспарлы жөндеу үшін енгізіледі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Exit mobile version