Басты бет Жаңалықтар Мәскеуден Ақтауға шыққан ұшақ бір сағаттан кейін әуежайға оралды

Мәскеуден Ақтауға шыққан ұшақ бір сағаттан кейін әуежайға оралды

Ресейлік "Россия" әуекомпаниясының Мәскеуден Ақтауға шыққан ұшағы бір сағаттан кейін Шереметьево әуежайына оралды.

Фото: Рarstoday.com

Бұл туралы «Москва 24» арнасы хабарлады.

10 шілдеде Мәскеу уақыты бойынша сағат 12.00-де Мәскеу – Ақтау бағыты бойынша көтерілген ресейлік «Россия» әуекомпаниясының Su-6525 рейсі бір сағаттан кейін Шереметьево әуежайына оралған. Ұшақ жолаушысы ұшақты жедел жәрдем мен полиция күтіп алғанын, ал экипаж жолаушылар келесі ұшақпен ұша алатынын айтқан. Басқа мәлімет айтылмаған,- делінген хабарламада. 

Шереметьево әуежайындағы таблоға сәйкес, ұшақ Мәскеуден төрт сағаттан кейін ұшып, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.29-да Ақтауға қонған.

Exit mobile version