Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда сауда орталығы маңына әуе шары құлады

Нұр-Сұлтанда сауда орталығы маңына әуе шары құлады

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан әуе шарын жел ұшырып әкетті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Видео скрині

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Құлаған сәтте шар себетінде ересектермен қатар балалар да болған. Жерге түскен бойда әуе шарын жел алып кетпес үшін бірнеше адам оны ұстап қалуға әрекет етті.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 112 қызметіне бұл оқиға бойынша ешқандай ақпарат түскен жоқ, — деді департаменттің баспасөз қызметі.

Exit mobile version