Басты бет Жаңалықтар Жыл басынан бері 7,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас статусын алды

Жыл басынан бері 7,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас статусын алды

Жыл басынан бері 7,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас статусын алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас статусын алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды, — делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2%) Өзбекстаннан, 10,4% — Қытайдан, 7,4% — Түрікменстаннан, 3,2% — Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден қоныс аударғаны айтылды.

Этникалық қазақтар негізінен мына өңірлерге қоныстанған:

  • Алматы облысы (31,6%),
  • Маңғыстау облысы (18,3%),
  • Түркістан облысы (9,8%),
  • Жамбыл облысы (6,3%),
  • Алматы (5,7%),
  • Нұр-Сұлтан (7,1%),
  • Шымкент (8,1%).

Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны — 62%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны — 24,1% және зейнеткерлер саны — 13,9%.

Ведомство мәліметінше, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4% жоғары білімді, 40,3% орта кәсіби білімді, 47% жалпы орта білімді және 1,6% білімі жоқ.

Exit mobile version