Басты бет Қоғам Алматыда базар өртенді

Алматыда базар өртенді

Алматының Алатау ауданындағы "Бақорда" базарының аумағында өрт шықты.

Фото: Faktiler.kz

Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Өртсөндірушілер құрылыс базары өртенгенін анықтады. Өрт аумағы 2 мың шаршы метрді қамтыды. Өрт бір сағат ішінде оқшауланып, 6.35-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт орнында дереу жедел штабтың жұмысы басталды, өнімділігі жоғары оқпандар қойылды, өрт автопоезі іске қосылды, үйінділерді жинау үшін құтқару қызметінің ауыр шынжыр табанды техникасы тартылды. Өртті сөндіруге 21 техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылды, — деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Exit mobile version