Басты бет Жаңалықтар Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты

Үкімет басшысының орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ай сайынғы жалақысы қанша екенін айтты.

Фото: Kapital.kz

Мен қаржы министрлігінен еңбекақы аламын және вице-премьер ретінде қосымша ақы төленеді. Жалпы алғанда еңбекақым шамамен 1,5 миллион теңге. Ал соның ішінде министр ретінде 1,3 миллион теңге аламын, — деді Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Министр өз декларациясын көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Exit mobile version