Басты бет Жаңалықтар Алматыда емдеу мекемелерінің заңсыз әрекеті анықталды

Алматыда емдеу мекемелерінің заңсыз әрекеті анықталды

2022 жылдың сәуір айында, «Әділдік жолы» РҚБ-нің Алматы бойынша филиалына, Алматыдағы емдеу мекемелерінің заңсыз әрекеттері туралы азаматша «Б» арызданған.

Фото: Roteskreuz.at

Азаматша «Б» Алматы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жас маман ретінде жұмысқа орналасқаннан кейін, осы басқарма басшыларының бірімен жанжалдасып, осыған байланысты өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр болғаны анықталды.

Жұмыстан шығарылғаннан кейін, азаматша «Б» оны ешбір заңды негізсіз психикалық денсаулық орталығына динамикалық есепке қойғандығы туралы кездейсоқ білген.

Алдын ала тексеру нәтижелері және уәкілетті медициналық органдардан алынған жазбаша жауаптар арыз берушінің деректерін толығымен растады.

Атап айтқанда, өтініш берушінің психикалық денсаулық орталығына ешқашан жүгінбегені, осы емдеу мекемесінде емделмегені және емделмейтіні, психикалық аурумен ауырмағаны анықталды.

«Әділдік жолы» РҚБ Алматы бойынша филиалының, азаматша «Б» мүддесінің пайдасына Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөліміне жазған арызының негізінде, 22.06.2021 ж. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Exit mobile version