Басты бет Жаңалықтар Алматы — Бішкек бағыты бойынша жаңа рейс ашылды

Алматы — Бішкек бағыты бойынша жаңа рейс ашылды

Алматы - Бішкек бағыты бойынша жаңа рейс ашылды. Әуекомпания ұшуларды 20 маусымнан бастап орындай бастады.

Фото: Kds.mid.gov.kz

Бұл туралы Бішкек әуежайының ресми сайты хабарлады.

Рейстерді қырғызстандық «Авиа Траффик» тасымалдаушысы орындайды. Осы бағыт бойынша ұшулар күн сайын орындалады деп жоспарланған.

Бұған дейін 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан — Бішкек бағыты бойынша рейстер ашылғаны белгілі болды. Рейстерді FlyArystan лоукостері аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері орындайды.

Қазір Қазақстаннан Қырғызстанға аптасына сегіз рейс қолжетімді. Air Astana әуекомпаниясы Алматы — Бішкек бағыты бойынша аптасына сегіз рейс орындайды.

Exit mobile version