Басты бет Жаңалықтар Головкин — Канело жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

Головкин — Канело жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін орнын ресми түрде жариялады.

Фото: Instagram/gggboxing

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі мықты арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйекке жоспарланған.

Еске салайық, осыған дейінгі екі кездесу де дәл осы аренада өткен болатын. Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.

Exit mobile version