Басты бет Қоғам Қазақстаннан Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойыз Иранға жетті

Қазақстаннан Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойыз Иранға жетті

Бүгін, 19 маусымда Тегеран станциясында Қазақстан, Түркіменстан және Иран арқылы Түркияға бет алған алғашқы құрлықтағы контейнерлік пойызды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Фото: Қазақстан темір жолы

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне онлайн форматта қатысты.

Түркияның Паяс станциясына баратын күкірт тиелген 48 контейнерден тұратын алғашқы пойыз Павлодар стансасында жасақталды.

Фото: Қазақстан темір жолы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұсынған жаңа логистикалық шешім жүк жөнелтушілер үшін ең алдымен жеткізу мерзімі тұрғысынан тиімді. Пойыз Каспий теңізі арқылы өтетін баламалы маршрутпен салыстырғанда небәрі 12 күнде 6 300 шақырымнан астам қашықтықты жүріп  өтеді, — делінген ҚТЖ таратқан хабарламада.

Фото: Қазақстан темір жолы

Пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асса Парсы шығанағы мен Түркия нарықтарына жүктерді жоғары жылдамдықпен жеткізетін тұрақты бағыт қалыптаспақ. Ең бастысы бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін контейнерлік тасымал қарқынын арттырады.

Exit mobile version