Басты бет Қоғам Тоқаев «Александр Невский» орденінен бас тартты

Тоқаев «Александр Невский» орденінен бас тартты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеті аяқталғанға дейін отандық және шетелдік наградаларды алудан бас тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Фото: Akorda.kz

Мұны ҚазТАГ редакциясына президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтқан.

Мұның алдында саясаттанушы Ербол Еділов дереккөздерге сілтеме жасап, Петербург халықаралық экономикалық форумында Ресей тарапы Тоқаевты «Александр Невский» орденімен марапаттауды ұсынғанын, алайда Қазақстан президенті бұл марапаттан бас тартқанын жазды.

Саясаттанушы сонымен бірге президент таяудағы Бішкекке сапары кезінде Қырғызстанның бірінші дәрежелі «Манас» жоғары орденінен де алмағанын жазды.

Exit mobile version