Басты бет Жаңалықтар Алматыда 300-ден астам адам Finiko қаржы пирамидасына алданып қалды

Алматыда 300-ден астам адам Finiko қаржы пирамидасына алданып қалды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматыдағы аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп The Finiko қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Фото: FinGramota.kz

Finiko ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам соманы құраған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, The Finiko симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Exit mobile version