Басты бет Қоғам Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке барды

Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды.

Фото: президент телерадиокешені

Бүгін түске дейін мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.

Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.

Exit mobile version