Басты бет Қоғам Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихы жазылып жатыр

Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихы жазылып жатыр

2023 жылдың ортасында Қазақстан тарихының көп томдығы жазылып бітеді. Бұл туралы президент Тоқаев айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мемлекет басшысы бұл іске қажет болса, шетел ғалымдарын тарту керек деді.

Былтыр еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы тапсырма бердім. Қазір Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр. Белгілі ғалымдарымыз жұмылып, осы маңызды іске атсалысуда. Мен өзім де бұл жұмысқа үлесімді қосамын. Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек. Дегенмен мәселе уақытта емес, сапада. Тарихымыз жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек. Ғылым және жоғары білім министрлігіне мұны айрықша қадағалауды тапсырамын. Қажет болса, шетел ғалымдарын да тартуға болады, — деді президент.

Exit mobile version