Басты бет Жаңалықтар Өлімге итермелейтін топтар туралы ақпаратты қайда жіберу керек?

Өлімге итермелейтін топтар туралы ақпаратты қайда жіберу керек?

Жастарды өлімге итермелейтін топтар туралы кез келген ақпаратты mic.gov.kz сілтемесіне жіберуге болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

«БАҚ-та және әлеуметтік желіде жастарды өлімге итермелейтін ойындар қызу талқыланып жатыр. Біз осындай әлеуметтік желідегі деструктивті топтар туралы жиі талқыланған сайын оларға қызығушылық арта түсетіндігін түсінеміз», — деді Мұрат Жұманбай.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолға алған.  Егер осы мазмұндағы қандай да бір күдікті топтар туралы естісеңіз, mic.gov.kz сілтемесіне жіберуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде «Көк кит. Тыныш үй» атты балаларды суицидке итермелейтін топтар пайда болғаны туралы жазған едік.

 

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version