Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтан әуежайы бір ай қысқартылған жұмыс кестесіне көшеді

Нұр-Сұлтан әуежайы бір ай қысқартылған жұмыс кестесіне көшеді

Нұр-Сұлтан әуежайы бір айға жуық уақыт қысқартылған режимде жұмыс істейді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

©ztb.kz

Нұр-Сұлтан әуежайында 2022 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында жергілікті уақыт бойынша 11:00-ден 18:00-ге дейін ұшып-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты әуежайдың жұмыс регламенті өзгереді. Жөндеу жұмысы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жүргізіледі. Ол туралы шешім биыл ақпан айында қабылданды. Сонымен қатар қысқартылған жұмыс кестесі туралы ақпарат әуе компанияларға уақтылы жіберілді, — делінген ресми ақпаратта.

Сонымен қатар хабарламада әуе компаниялардың қысқартылған жұмыс режиміне сәйкес рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгені айтылған.

Әуежайдың жұмыс тәртібін өзгерту — әлемдік тәжірибе. Аталған процесс әлемдегі барлық әуежайға тән, — делінген хабарламада.

Exit mobile version