Басты бет Жаңалықтар Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Sputnik/ Анатолий Устиненко

Мемлекет басшысын өңір орталығы Жезқазғанда Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

Президент баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазғанды дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады.

Түстен кейін президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.

Exit mobile version