33 жастағы Қымбат мамандығы бойынша дизайнер. Кішкентайынан сурет пен сызба жақын болып өсті. Түрлі көйлектердің эксизін салатын. Колледжді аяқтаған соң киім мен ұлттық бұйымдарды тігумен айналыса бастады. Сонымен қатар сауда мен ауыл шаруашылығында өзін сынап көрді. Соңғы бірнеше жыл ішінде үйден заттар тігіп, сатып келеді. 2022 жылдың наурыз айында Қымбат Алматы облысының әйелдер кәсіпкерлерін дамыту орталығына жүгініп, онда бизнесті ілгерілетуге жөнінде көмек пен кеңес алды. Енді Өңірлік іскер әйелдер кеңесімен серіктестікте кәсіпкер төрт елдімекенде тігін цехтарын ашуға ниетті.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен Алматы облысы іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен, сондай-ақ әкімдіктердің қолдауымен жақын арада Текелі қаласында, Қапал, Жансүгіров және Балпық би ауылдарында тігін цехтары іске қосылады. Қазір ұйымдастыру мәселелерін аяқтаудамыз. Әйелдерді жұмыспен қамтып, істеріне қолдау көрсету үшін, цехтар шалғай, көмекке мұқтаж мекендерде бағытталатын болады, – деп атап өтті бизнес-ханым.
Сонымен бірге өңірлерде ашылатын тігін цехтары еліміздің жеңіл өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі болмақ.
Отандық киім мен аяқ киімге, ұлттық киімдер мен тоқыма бұйымдарына сұраныс жоғары. Бірақ бүгінде қазақстандықтар Қырғызстаннан тоқыма бұйымдарын сатып алуға мәжбүр. Сондықтан біздің жобамыз Бішкектің өнімдеріне балама болады. Әзірге Алматы облысында, кейін болашақта басқа облыстар мен жақын шетелдерге өнімдерімізді шығарамыз, – деді Қымбат Қасейін.
Төрт өңірде тігін цехтарын ашу 95 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы арқылы тігін ісіне оқыту және білікті кадрлар даярлау жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап ҚР барлық өңірлерінде Ұлттық экономика министрлігі, ҚР президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП әріптестігі аясында «Ынтымақтастық Қоры» аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары ашыла бастады. Бастаманы Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы қаржыландырады және оны «Атамекен» ҚР ҰКП жүзеге асырады. Орталықтардың қызметі «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің (2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді) қағидаттарына, олардың ең бастысы – бизнесті жүргізу мен дамытуда әйелдерді өзара қолдауға негізделеді.