Басты бет Жаңалықтар Алматының екі ауданында бір тәулік ыстық су болмайды

Алматының екі ауданында бір тәулік ыстық су болмайды

Алматының Медеу және Алмалы аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.

20 маусымда сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін Медеу және Алмалы ауданы аумағындағы Қазыбек би – Қонаев – Төле би – Панфилов – Бөгенбай батыр – Назарбаев – Қабанбай батыр – Пушкин – Абдуллиндер көшелерінің контурындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады, — делінген хабарламада.

Қайта құру кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында уақытша құбыр желісін кесу үшін шектеулер енгізіледі.

Exit mobile version