Басты бет Жаңалықтар Талғар тұрғындары қала әкімін сайлады

Талғар тұрғындары қала әкімін сайлады

Алматы облысындағы Талғар қаласының әкімін халық өзі сайлады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. 

Фото: Tacinskaya.ru

Қала әкімі лауазымына 4 адам үміткер болды, ең жасы – 32-де. Үшеуі өзін-өзі ұсынды, біреуі Amanat партиясы атынан сайлауға түсті.

Қалада дауыс беру үшін 24 сайлау учаскесі ашылды. Оның екеуі қалалық ауруханада орналасқан жабық сайлау учаскесі. Сайлаушылар саны 41 мыңнан асады. Қанша адамның таңдау жасағаны және қала әкімі лауазымына кімнің сайланғаны туралы алдағы жаңалықтарда айтылады.

Қала әкімі сайлауына қатысқан кандидаттардың әрқайсысы сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Олар 10 күн бойы қала тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Дауыс беру уақытында заң бұзушылықтар тіркелмеді. Әр учаскеде 3-4 бақылаушы жұмыс істеді, — деді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дүйсебаев.

Exit mobile version