Басты бет Жаңалықтар Шымкент тұрғыны тергеу изоляторының қызметкеріне пара бермек болды

Шымкент тұрғыны тергеу изоляторының қызметкеріне пара бермек болды

Шымкент тұрғыны тергеу үшін қамауға алынған бауырына жеңілдік алу мақсатында уақытша ұстау изоляторының қызметкеріне 1 миллион теңге пара бермек болған.

©Ктк

Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға аралас қауіпсіздіктегі мекемеде болған. 49 жастағы ер адам тергеу изоляторының қызметкеріне пара бермек болған. Осылайша туысына жеңілдік қамтамасыз етуге үміттенген.

Алайда изолятор қызметкері пара ұсынылғаны туралы жеке қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.

Exit mobile version