Басты бет Жаңалықтар Түркістан облысында тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Түркістан облысында тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті "Не работа" атты қаржы пирамидасын анықтады.

Фото: Іnformburo.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз етті. Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 миллион теңгені құрады, — деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікпен жазаланатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Exit mobile version