Басты бет Жаңалықтар Президент есеп комитетіне тапсырма берді

Президент есеп комитетіне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сонымен қатар ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

Президент есеп комитетін жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.

Exit mobile version