Басты бет Жаңалықтар Түркияның халықаралық атауы ресми түрде өзгерді

Түркияның халықаралық атауы ресми түрде өзгерді

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye нұсқасына өзгертті. Бұл туралы Tourprom сайты хабарлады.

Фото: Cабира Жаңаберген

Осылайша, халықаралық деңгейде «түйетауық» дегенді білдіретін түрік елінің ағылшын тіліндегі нұсқасы Turkey жойылды.

Түркия Республикасы басшылығының мәліметінше, жаңа емле экспорттың кеңеюіне байланысты ел брендінің танымалдығы мен құндылығын арттырады.

Айта кетейік, инновация бойынша қарқынды жұмыс қаңтар айынан бастап жүргізілді, ал 2021 жылдың желтоқсанында президент Режеп Ердоған елдің жаңа халықаралық атауы туралы тиісті жарлыққа қол қойды.

1 маусымда Біріккен ұлттар ұйымы Түркияға елдің жаңа атауы ретінде Türkiye атауын тіркеді.

Exit mobile version