Басты бет Жаңалықтар Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде қалдырды

Қазақстан ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Фото: Тengrinews.kz

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады.

Шешім қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің ағымдағы теңгерімі, сонымен қатар ұлттық банктің жаңартылған болжамдары ескеріле отырып қабылданды. Базалық мөлшерлеменің осы деңгейі жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда 2024 жылға қарай инфляцияның бірқалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді. Ақша-кредит талаптары 2023 жылы инфляциялық процестердің баяулауына қарай қалпына келеді, – делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлеме бойынша одан әрі шешімдер инфляцияның нақты динамикасының болжамды траекторияға сәйкестігіне және сыртқы орта мен ішкі экономикада туындайтын тәуекелдердің теңгеріміне байланысты қабылданады.

ҚР ұлттық банкі ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 25 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.

Exit mobile version