Басты бет Жаңалықтар Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

ҚР орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жариялады. 

Фото: Kapital.kz

Рефрендумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысу азаматтар санының 68,06% құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады, — деді Нұрлан Әбдіров.

Алдын ала нәтижелері бойынша сайлаушылардың 77,18%-і Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап дауыс берді.

Еске салайық, 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізуге байланысты жалпыхалықтық референдум өтті. Ел билігі Конституцияның үштен бірін яғни, 33 бапты өзгертуді ұсынды. Алайда бюллетенде «түзетулерді қолдайсыз ба?» деген бір ғана сұрақ болды.

Exit mobile version