Басты бет Жаңалықтар Балқашта әріптесіне оқ атқан әскери қызметкер қамауға алынды

Балқашта әріптесіне оқ атқан әскери қызметкер қамауға алынды

Балқашта әскери қызметкердің оққа ұшуына қатысты оқиға тергеліп жатыр. Бұл туралы бас әскери прокуратура хабарлады. 

Фото: Glavk.info

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ішкі істер министрлігі орталық өңірлік әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр. Оның күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталып, Балқаштағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Exit mobile version