Басты бет Жаңалықтар Алматы әуежайы жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастайды

Алматы әуежайы жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жасаған жұмыс сапары оңтүстік астана әуежайының жаңа халықаралық терминалы құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысумен аяқталды.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Алматы әуежайы маңызды стратегиялық нысан және Қазақстанның әуе қақпасы екенін атап өтті.

Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады деген сөз. Жаңа терминал ең озық технологиямен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Ең бастысы барлық жұмысты уақытында аяқтау қажет, – деді президент.

Құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 200 миллион доллардан асады. Жаңа терминал тек халықаралық бағыттағы рейстерге, ал қазіргісі ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Құрылыс 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарланған.

Фото: Akorda.kz

Exit mobile version