Басты бет Жаңалықтар Президент Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне барды

Президент Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне барды

Президент ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиыннан кейін академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне экскурсия жасады.

Видео скрині

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы музей залдарын, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың жұмыс бөлмесін аралап көрді.

Онда аса көрнекті геолог ғалымның жеке заттары, құжаттарының түпнұсқалары, сонымен қатар ғылыми және қоғамдық жұмысына қатысты материалдар қойылған,- делінген хабарламада.

Exit mobile version