Басты бет Жаңалықтар Балалар «Ақорда» резиденциясын аралап көрді

Балалар «Ақорда» резиденциясын аралап көрді

Халықаралық балаларды қорғау күні «Ақорда» резиденциясы балаларға есігін ашты.

Видео скрині

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді.

Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады, — делінген хабарламада.

Экскурсия соңында балаларға президент атынан сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарға құттықтау жолдады.

Exit mobile version