Басты бет Жаңалықтар Қырғызстан қант экспортына уақытша тыйым салды

Қырғызстан қант экспортына уақытша тыйым салды

Қырғызстанның министрлер кабинеті ел аумағынан қантты алты ай мерзімге экспорттауға уақытша тыйым салды.

Фото: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Тиісті шешім Қырғыз Республиикасы министрлер кабинетінің кезекті отырысында қабылданды.

Ақпаратқа сәйкес, қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай шығару мүмкіндігін болдырмау, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қант нарығындағы бағаны тежеу мақсатында әзірленген.

Exit mobile version