Басты бет Қоғам Алматыдағы метро станциялары арасында пойыз тоқтап қалды

Алматыдағы метро станциялары арасында пойыз тоқтап қалды

Алматы метросында станциялар арасында жолаушылары бар пойыз тоқтап қалды. Мұны Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Техникалық себептерге байланысты «Алмалы» және «Абай» станциялары арасындағы тоннельдегі жылжымалы құрам тоқтап қалды. Пойыз 15 минут аялдаған. Себептері анықталып жатыр, кейінірек хабарланады. Пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтіріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Алматы метрополитентінің баспасөз хатшысы Baribar.kz редакциясына сол кезде пойызда қанша жолаушының болғаны туралы ақпарат қолында жоқ екенін айтты, бірақ бәрінің жағдайы жақсы деп сендірді. Сонымен бірге пойыздың тоқтауына не себеп болғанын міндетті түрде хабарлауға уәде етті.

Exit mobile version