Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді

Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті.

Exit mobile version