Басты бет Жаңалықтар Қазақстан хоккейшілері 2023 жылғы әлем чемпионатында Канадамен бір топқа түсті

Қазақстан хоккейшілері 2023 жылғы әлем чемпионатында Канадамен бір топқа түсті

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты топ-дивизионында Қазақстан қай топта ойнайтыны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Фото: Қазақстан Хоккей Федерациясы

Шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қаласында өтеді.

А тобына Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Аустрия және Венгрия кіреді.

В тобында Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия, Қазақстан және Словения бар.

Айта кетейік, Ресей мен Беларусь құрамалары 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттетілді. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы 16-орынға тұрақтады. Үздік бестіктегі командалар Олимпиададан кейінгі тәртіпте қалды.

Үздік 10 рейтинг:

1 (1). Финляндия — 4 130 ұпай;

2 (2). Канада — 3 990;

3 (3). Ресей — 3 935;

4 (4). АҚШ — 3 775;

5 (5). Швеция — 3 675;

6 (7). Чехия — 3 650;

7 (6). Швейцария — 3 590;

8 (8). Словакия — 3 590;

9 (9). Германия — 3 555;

10 (10). Дания — 3 335;

16 (15). Қазақстан — 2 885.

Exit mobile version