Басты бет Қоғам Қазақстан Қырғызстанда 300 миллион долларға күн энергиясы станциясын салғысы келеді

Қазақстан Қырғызстанда 300 миллион долларға күн энергиясы станциясын салғысы келеді

Қазақстан Қырғызстанда 300 миллион долларға күн энергиясы станциясын салуды жоспарлап отыр. Мұны президент Тоқаев Қырғызстандағы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Садыр Жапаров. Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев су-энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіруді келесі маңызды бағыт ретінде атады.

Біз трансшекаралық су ресурстары ортақ байлық екенін тағы бір мәрте атап көрсеттік. Су тапшылығы мәселесі жылдан жылға күрделеніп келеді. Беделді халықаралық экологиялық ұйымдар осындай болжам жасап отыр. Су келешекте көп болмайды, тапшы болады. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттері бірлескен жұмыстарды қолға алуы қажет. Екі елге ортақ өзендер әрдайым жұртты жақындастыра түсуге дәнекер болуы керек. Қазақстан барлық міндеттемелерін толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын, – деді мемлекет басшысы.

Exit mobile version