Басты бет Тест Тест: «Менің атым Қожаның» қай кейіпкерісіз?

Тест: «Менің атым Қожаның» қай кейіпкерісіз?

"Менің атым Қожа" повесі - қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі. Шығарма бірнеше тілге аударылған, оның негізінде фильм де түсірілген. Мектепте қандай оқушы болғаныңызды еске түсіріп, повестің қай кейіпкеріне ұқсайтыныңызды анықтап көріңіз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
0%

Сабақта сіз көбіне...

Ең сүйікті пәніңіз қайсы еді?

Кластағы қыздарға көмектесуші ме едіңіз?

Сабақ арасындағы үзілісте не істеуші едіңіз?

Тәртібіңіз үшін ата-анаңызды мектепке жиі шақырушы ма еді?

Басқа оқушылармен қарым-қатынасыңыз қандай еді?

Мұғалім сабаққа қатысты сұрақ қойса, не істеуші едіңіз?

Сабақ үлгеріміңіз қандай болды?

Мұғалім сізді ұнатпай қалса...

Мектепті сағынасыз ба?

Тест: «Менің атым Қожаның» қай кейіпкерісіз?
Жанар!

Жанар, Менің атым-Қожа

Жанарға ұқсайсыз. Сабаққа тыңғылықты дайындалып, үнемі бестік алатын оқушысыз. Сізге кітап оқу, жаңа нәрсе үйрену ерекше ұнайды. Класс старостасы болуыңыз да ғажап емес!
Қожа!

Қожа сияқтысыз. Сізді мектептің үздік оқушысы деуге келмейді, дегенмен өзіңізге ұнайтын пән немесе мұғалімнің сабағына белсене қатысасыз. Армандауды ұнатасыз. Кейде қиялға ерік беретініңіз соншалық, сабақта отырғаныңызды ұмытып кетесіз.
Жантас!

Жантасқа ұқсайсыз. Сабақтан қалмайсыз, мектептегі іс-шараларда белсендісіз. Басқалардың алдында өзіңізді жақсы жағынан көрсеткіңіз келеді, бірақ кейде бәрі сіз ойлағандай бола бермеуі мүмкін.
Сұлтан!

Cіз Сұлтанға ұқсайсыз! Мектепке баруға, кітап оқуға жалқауланасыз. Сізді мектепте "сотқар оқушы" деп тануы да әбден мүмкін. Есесіне үлкен өмірге тез араласуға құштарсыз.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Exit mobile version