Басты бет Жаңалықтар Алматыда Саин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы хабарлады.

Фото: Еgemen.kz

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23-26 мамыр күндері сағ.22:00 мен сағ. 06:00 аралығында түнгі уақытта Саин көшесінің батыс бөлігінде Төле би көшесінен Жұбанов көшесіне дейінгі аралығында көлік жүрісі уақытша шектелетін болады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз,- делінген хабарламада.

Exit mobile version