1 — 9-сынып оқушыларына сабақ болмайды

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 1 — 9-сынып оқушыларына сабақ болмайтындығын ескертті.

 Хабарламада: «Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», — делінген.

Еске сала кетейік, Kazhydromet.kz ақпанда, сондай-ақ осы айда кей жерлерде қар мен боран, қатты жел болатын күндер саны көбірек болады деп болжам жасады. Карск теңізі аудандарынан келетін  циклонның ту сыртына арктикалық ауа ағынынан туындаған күрт және едәуір суық келеді. Ауа температурасы   климаттық нормадан 5-10ºС төмен болады деп күтілуде.

 

ДереккөзBaq.kz