Басты бет Қоғам Шымкентте қатты жел салдарынан стадионның шатыры ұшып кетті

Шымкентте қатты жел салдарынан стадионның шатыры ұшып кетті

Шымкентте қатты жел стадионның шатырын ұшырып әкетті.

Шатыры ұшып кеткен Қажымұқан стадионы. Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаменті

Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарына қарағанда, бүгін, 21 мамырда «Қажымұқан» стадионындағы футбол алаңында Ордабасы-Ақсу ойыны өтті.

Матч 21.00-ге жоспарланған еді. Қолайсыз ауа райы мен қатты жел салдарынан Қажымұқан стадионы ғимаратының шатыры трибуна жақтан көтерілді. Онда көрермендер болмаған, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Матч тоқтатылған.

Шымкенттің төтенше жағдайлар департаменті алаңды N5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ретке келтіріп жатқанын хабарлады.

Exit mobile version