Басты бет Қоғам Шымкент перзентханасы маңындағы жарылыстан бір адам қаза болды

Шымкент перзентханасы маңындағы жарылыстан бір адам қаза болды

Шымкенттегі перенюхана маңында жарылыс болды. Бір адам қаза болды. Мұны Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Шымкент полиция департаменті

Бүгін 12:06-да 102 телефонына Ғани Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабарлама келіп түсті. Жарылыс кесірінен дәріхана ғимараты қираған, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс салдарынан пайда болған өртті төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері толығымен өшірді, — делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Әзірше толық емес мәлімет бойынша жарылысқа газдың жиналуы себеп болған.

Күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, — делінген хабарламада.

Exit mobile version