Басты бет Жаңалықтар Президент ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды

Президент ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды

2022 жылғы 17 мамырда ҚР президенті «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 жарлыққа қол қойды.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды.

Exit mobile version